Сумарар – Сырдарияның сол жағалаулык аңғарындағы көл.

Географиялық орны Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округі аумағында, Маяқұм ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде жайласқан. Көлді шағын көлдер (Балықсай, Шырынкөл, т.б.) мен қоныстар (Байдала, Аралтоғай, Балықсай, Ақдала, т.б.) қоршап жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 6,8 км2, ұзындығы 7 км, енді жері 1,1 км.

Жағалау сипаты Көлдің пішіні өте күрделі. Оңтүстігінде ұзындығы 1,5 км-дей, ені 100-150 м-дей арал бар. Көлдің осы жағалауында абсолюттік биіктігі 197 м болатын өзімен аттас төбе орналасқан. Жағалауыңда камыс, құрақ өскен. Көл табаны тегіс, кұмдауытты лайлы келген. Көлден балық ауланады. Оңтүстік және батысынан канал тартылған.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:Отырар ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы