Қияқты — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі құрамындағы ауылМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997.
Географиялық орналасуы Аудан орталығы Шетпе ауылынан солтүстікке қарай 100 км, округ орталығы Тұщықұдық ауылынан батысқа қарай 25 км жерде, Қызылқұм құмының батысында орналасқан.
Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 260 106 63
Тарихы және инфрақұрылымы Ауыл 1973–1995 жылдары аралығында қаракөл қойын өсіретін «Тұщықұдық» кеңшары бөлімшесінің орталығы болып келген. Оның негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Тұрғындары ауыз суды «Қияқты – Қаламқас» ауыз су құбырынан алады. «Қаламқасмұнай» өндірістік бірлестігіне қарасты «Қияқ» су тұщыту стансасы бар.
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданы елді мекендері