Нұрғазы Еңсегенов (1923, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы – 1986) – соғыс ардагері. 1939 – 41 жылы есепші болды. Ұлы Отан соғысында Смоленск, Ленинград майдандарындағы ұрыстарға қатысқан. 1948 – 69 жылы Маңғыстау ауданы ұжымшарларында есепші, бас есепші болып істеді. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Санат:Тұлғалар