Мұз режімі - суқоймалардағы (мұхит, теңіз, өзен, көл, бөген) мұз жамылғысының пайда болуындағы, дамуындағы және бұзылуындағы заңды түрде қнйталанатын процестердің жиынтығы. Мұз режімінің үш фазасы болады, олар: суқоймадағы судың қатуы, сең жүруі және мұздың түсуі. Ағын судың әр бөлікшесіндегі мұз режімінің ерекшелігі климатқа, өзеннің қоректену жағдайына, арнасының құрылысына және ағыс серпініне байланысты.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия