Жаздырхан Сейдалиев (1935 жылы туған, Түрікменстан, Ташауыз облысы Көне Үргеніш ауылы) – ауыл шаруашылығы саласының қызметкері.
Өмірбаяны Түрікмен ауыл шаруашылық институтын бітірген (1957). 1957 – 63 жылы су шаруашылығында қызметкер, Ташховуз облысы партия комитетінде нұсқаушы. 1966 – 1986 жылы «Туркменремводстрой» тресінің №7 құрылыс мекемесінің бастығы, су шаруашылық басқармасының бастығы, трест басқарушысы, ауыл шаруашылық кәсіподағының облысы комитетінің төрағасы. 1986 – 96 жылы Маңғыстау облысы агроөнеркәсіп комитетінде жер-су, облысы көші-қон бөлімін басқарған. 1992 жылы «Парасат» қозғалысын ұйымдастырып, қоғамдық «Халық келісімі» бірлестігін құрды және оның 11 жыл төрағасы болды. Шығармашылығы «Өмір тағылымы» атты кітабы жарық көрген (2006). Марапаттары
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Жаздырхан Сейдалиевтің Қазақстан халқының бірлігіне қосқан үлесі Ақтау қаласының құрметті азаматы Жаздырхан Сейдалиев Источник: www.kt.kz
Санат:1935 жылы туғандар Санат:Түрікменстанда туғандар Санат:Түрікмен ауыл шаруашылық институты түлектері Санат:Маңғыстау облысы тұлғалары Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Ақтаудың құрметті азаматтары