Шалабай – дөң. Жаңаөзен қалалық әкімдігіне қарайтын Қызылсай ауылының шығысында орналасқан. Қырымқұл ауылының ақсақалы Шалабайдың күзеуі. Атауы содан қалыптасқан. 1967 – 68 ж. бірнеше барлау ұңғымалары қазылды. Шалабайдың шығыс жағындағы сай бойында өзімен аттас бұлақ болған. Белгілі геолог-ғалым Саламат Шалабаевтың ата мекені.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. Дереккөздер

Санат:География