Боқай ҚожыровМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;(1935 жылы туған, Бейнеу ауданы,Қарақұм мекені) – радиоэлектроника, телекоммуникация саласының маманы. Новосибирск электртехника байланыс институтын бітірген (1958).
Байұлы тайпасы Адай руы Ақбота бөлімінен шыққан.
1958 – 1964 жылдары Алматы телевизия орталығында инженер, республикалық телевизия жүйесінің бас инженері 1964 – 1992 жылдары Семей облысының байланыс басқармасының бастығы, республикалық информация есептеу орталығының төрағасы болды. 1992 жылдан Қазақстан байланыс ғылыми жобалау институтының бас директоры, «Телекоммуникация институты» акционерлік қоғамының президенті. Қожыров байланыс техникасы және радиоэлектроника ғылым салалары бойынша 100-ге жуық мақалалардың, «Ғажап электрон» (1961), «Радиоқабылдағыштар» (1963), «Телевизия сигналы және қашықтық» (1974) атты кітаптардың авторы. Радиоэлектроника, байланыс техникасы бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздікті құрастырушы.
Дереккөздер
Санат:1935 жылы туғандар Санат:Бейнеу ауданында туғандар Санат:Новосібір электротехника байланыс институты түлектері Санат:Қазақстан байланысшылары