Қырғи қабақ соғысы (, ) — АҚШ пен Кеңес Одағы және олардың одақтастары Батыс және Шығыс блоктар арасындағы геосаяси шиеленіс кезеңі. "Соғыс" деп аталғанымен АҚШ пен КСРО-ның арасында тікелей соғыс болған жоқ, олар тек идеологияларын (капитализм, демократия мен коммунизм қарсыластығы) басқа мемлекеттерге тарату және ықпал ету аясын кеңейту арқылы әлемдік үстемдік үшін күресті.
2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социалисттік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері “коммунистік ағымды” әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері КСРО мен социалисттік жүйеге қарсы тұру үшін НАТО соғыс блогіне бірікті. Ал КСРО бастаған социалисттік елдер Варшава шартын құрды. Екі жақ та жанталаса қаруланып, ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жасауға кірісті. Екі жүйенің бақталас-тығы қоғамның барлық салаларында (ғылымда, өндірісте, баспасөзде, өнерде, т.б.) жалғасып жатты. Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары соғыс мақсатына бағытталды. Идеологиялық мақсатта әр түрлі радиостанциялар ашылды (“Америка дауысы”, “Азаттық”, т.б.). Екі саяси жүйе арасындағы текетірес нәтижесінде Кореяда, Вьетнамда, Ауғанстанда, Таяу Шығыс, Латын Америкасы және Африка елдерінде әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. Нәтижесінде социолистік жүйе дағдарысқа ұшырап, 1985 ж. Кеңес Одағында басталған қайта құру саясатынан кейін социолистік елдер нарықтық қатынастарға көше бастады. 1991 жылы КСРО-ның тарауымен Қырғи Қабақ Соғыс аяқталды.Қазақстан ЭнциклопедиясыТарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі. thumb|300px|Қырғи қабақ соғысы - 1980ж
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. «Қырғи қабақ соғысы» екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кеңестер одағы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ауқымды идеологиялық және геосаяси ұрандағы биполярлық қарама-қайшылығы болып табылады. Бұл қарама-қайшылық сферасына тек екі супер держава ғана түсіп қоймай, сонымен бірге оның ықпалына әлемнің жүздеген елдері тартылды.
Мақсаты мен міндеттері. Бұл курстық жұмыстағы басты мақсатым халықаралық жағдайлардағы ең басты мәселеге арналған қырғи-қабақ соғысқа сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру. Бұл үшін мынадай міндеттерді алдыма қойдым: қырғи-қабақ соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік мақсат-мүдделерін ашып беру. Курстық жұмыстың мақсаты - Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихының деретанулық проблемаларын зерттеу. Курсты белгілеу қазіргі кезеңдегі шет ел және отандық деректанудың теориясы мен әдісін, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі тарихы бойынша тарихи деректерді іздестірудің шеберлігімен белгіленеді. Осыған байланысты курста тарихи құжаттардың қалай және қайда сақталуы туралы ақпарат түсінігі беріледі, аталған мамандықтың проблемалары бойынша маңызды публикациялар мен библиографиялық дерктер бойынша анықтама беріледі. Жаңа және қазіргі замандағы Батыс елдерінің деректері аймақ және ел бойынша іріктелген.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеуші Берге И. В. «Қырғи қабақ соғысының» туындауының себептерін көрсетуді мұнда үш басты себеп орын алған. 1) 1917 жылғы Ресейдегі Ұлы Қазан революциясы әлемді екі қарама-қайшы бөлікке (социализм мен капитализм) бөлді. Сөйтіп «Қырғи қабақ соғысының» басталуы механизмін іске қосты. 2) Екінші дүние жүзілік соғысы кезеңіндегі державалардың ықпал ету аймақтары үшін күресі.Сондай ақ осы кезеңдегі социализм мен капитализм арасындағы қайшылықтың белең алуы. 3) Ядролық жаппай құрып жою қаруының пайда болуы - әлемдік саясатқа мүлде өзгеше сипат берді.
Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді. Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар.
Тарих объектіні зерттеу бойынша ендік жағынан да бөлінеді: әлем тарихы (бүкіл әлем тарих немесе жалпы тарих), континенттер тарихы (мысалы, Азия және Африка тарихы), жеке елдердің, халықтардың немесе халық топтарының тарихы (мысалы, Ресей тарихы).
Тарихи пәндерге тарихи деректерді зерттейтін деректану және тарихшылардың көзқарастарын, идеялары мен концепцияларын суреттеу мен талдау мақсатындағы, сонымен қатар тарихи ғылымның дамының заңдылықтарын зерттейтін тарихнаманың да қатысы бар.
Келесі зерттеушілер М. Бэшлосс және С. Тэлботт «Қырғи қабақ соғысы» кезеңіндегі халықаралық қатынастардағы негізгі проблемалармен тенденцияларды зерттеуге айтарлықтай көңіл бөлді. Бұл зерттеушілер әсіресе бұл соғыстың соңғы кезең деріндегі орын алған оқиғаларға назар аударып, Кеңес одағындағы жаңа басшы М.С. Горбачевтың бейбіт сүйгіштік иницативаларына жоғары баға береді.
Тарихнамалық шолу. Зерттеуші Нарочницкая Е.А. 60-шы жылдардан кейінгі Францияның батыс блоктағы саясатын бастапқы кезде, яғни генерал де Голль кезінде прогрессивті сипатқа ие болғанмен, ол кейіннен агрессивті, антисоциалистік сипат алды деп пайымдады. А.М. Филатов соғыстан кейінгі кезеңнен бастап «Қырғи қабақ соғысы» аяқталғанға дейінгі аралықтағы «Герман мәселесін» және ондағы АҚШ, Франция, Англия мен Кеңес Одағының саясатына назар аударады. Зерттеуші Германияның қосылуы «Қырғи қабақ соғысының» іс жүзінде аяқталғанын білдірді деген пікірде болды.
Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың құрылымы әдеттегідей кіріспе, 3 тарау, қорытынды және Дереккөздернен тұрады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай «Қырғи қабақ соғыстың» шығу себептері
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осы сұмдықтан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрі істелінді. Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны женгендер оккупациялады, енді герман милитаризмінің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, саяси қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге асырылып отырды.
Осы қатынастардың символы ретінде «Үлкен үштіктің» үшінші кездесуін - Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам калашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына болған Гарри Трумэн, Ұлыбритания - Уинстон Черчилль, КСРО - Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып, оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда «Үлкен үштік» құрамы жаңарды,
Берлин конференциясы Париж конференциясы сияқты бейбіт конференция болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия оккупацияланды, оның территориясында билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардын Германияға деген саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік ұйымдарды тарату; бұрын тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғыс өнеркәсібін жою; нацистік Германияға қызмет еткен, өнеркәсіпті милитаризациялаудың құралы болған картельдерді тарату. Сондай-ақ одақтастар қолына түскен нацистердің ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық трибунал сотына беруге келіеті.
Германияның мемлекеттік шекарасы анықталды. Германиядан Польша мен КСРО-ға Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды. Германияның 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің бәрі ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан (9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО Англия мен АҚШ-ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағдырының қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығыскысы келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткен КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық үкіметтер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлеріне сот басталды. Ұлыбритания, Франция, КСРО, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтандыруға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары мен адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.
Черчилльдің Фултонда сөйлеген сөзі – «Қырғи қабақ соғыстың» бастамасы
КСРО-ның жүргізген саясатына Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеп, КСРО-ның Еуропа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридың Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Еуропада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспансионизмінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, «англо-саксон дүниесінің бар қуатымен» КСРО-ға тойтарыс беру керек.