Нұржігіт ҚойшыбайұлыМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1939, Маңғыстау ауданы,Ортаеспе ауылы– 1981) – еңбек ардагері, инженер. Алматы ауылы шаруашылықинститутын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1962). Еңбек жолын Маңғыстау ауданы Чапаев ұжымшарында механик болып бастаған. 1965 – 1969 жылдары 1 май, Жармыш ауылдарында инженер 1969 жылдан Бозащы, Тұщықұдық ауылдарында инженер болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1971), «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен (1970) марапатталған. Дереккөздер
Санат:Маңғыстау облысы тұлғалары Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері