Гүлсина Бақытжанқызы Мерғалиева (1975 жылы Ресей Самара Большая Черниговка ауданында туған) — театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Платинды "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2004). Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры|Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының бас режиссері әрі көркемдік жетекшісі.
Толығырақ Гүлсина Бақытжанқызы Мерғалиева 1975 жылы Ресей Самара Большая Черниговка ауданында туған. 2000 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясының режиссер факультетін бітірген. Алғашында Көкшетау музыкалық драма театры (2000 – 2002), Кейін Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының (2002 жылдан) бас режиссері әрі көркемдік жағын басқарады. Ол осы театрлар сахнасында көптеген спектакльдерді қойды. Әсіресе, Н.В. Гогольдің «Ревизор» комедиясы бойынша қойған спектаклі Мерғалиеваның өзіне тән режиссерлік қолтаңбасын айқындады. Мерғалиева – шағын комедиялар бойынша өткізілген 1-республикалық театр блиц-фестивалінің (2001, Алматы) және 7-халықаралық «Шабыт» фестивалінің (2004, Астана) «Гран при» бас жүлдесінің иегері; Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған 11- (2003, Орал), сондай-ақ 13-республикалық (2005, Қызылорда) театрлар фестивалінің лауреаты. Тұрмыс құрмаған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Марапаттары 2004 жылы ҚР "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты 2006 жылы Қазахстанның іскер әйелдер арасында «Ажар» премиясының лауреаты 2006 жылы ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды. Көптеген халықаралық және републикалық театр фистивальдерінің жүлдегері. 2015 жылы "Қазақстан халқы ассамблиясымна 20 жыл" мерекелік медалі берілді.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан режиссёрлері Санат:Халықаралық Шабыт фестивалінің Гран-При иегерлері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақстан театр режиссёрлері Санат:Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері