Төлебай Морханов (1921 бұрынғы Адай уезі, Тұщыбек ауылы – 1982) – ауыл шаруашылық саласының қызметкері. Форт-Шевченко қаласында орта білім алған. 1938 – 1942 жылдары Таушық көмір шахтасында жұмысшы болды. 1942 – 1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 – 1948 жылдары Тұщыбек ауылында мұғалім, 1948 – 1954 жылдары аудан комсомол комитетінде 1-хатшы, 1954 – 1981 жылдары аудандық партия қызметінде, аудандық азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. «Ерен ерлігі үшін''» т.б. бірнеше медальдармен марапатталған.«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Дереккөздер
Санат:Тұлғалар