100px|thumb|right|Кескіш құрал Кескіш құрал (Режущий инструмент) — материалдарды жоңқа түсіру арқылы өңдеуге арналған құралҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6; жұмысшы кесуші белгілі бір геометриялық фигура түрінде болып келген, ал қаттылығы өңделетін материал қаттылығынан жоғары болған материалмен жабдықталған немесе қатты материалдан жасалған қалпақшасы және тұлғасы бар кесуші кұрал.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0

Кесілетін жерге ыстық газбен оттек жіберетін металдарды кесуге арналған құрал; Кесу бөлігінің белгілі.

Түрлері Автомат кескіш (Автоматный резец) — білдек автоматгар мен жартылай автоматтардағы жұмыстарға арналған кескіш. Алмасты кескіш (Алмазный резец) — алмас үгіндісімен немесе алмас кристалдарымен жабдықталған кескіш. Бұранда кескіш (Резьбовой резец) — бүранда кесуге арналған кескіш. Дөңгелек кескіш (Круглый резец) — ұшында кесу бөлігі бар сұлбалы пішінді дискі түріндегі кескіш. Кеңейжонғы кескіш (Расточный резец) — тесіктерді өндеуге арналған кескіш. Иілген кескіш (Изогнутый резец) — өзек өсіне қатысты вертикаль жазықтықта иілген бастиегі бар кескіш. Қатты қорытпалы кескіш (Твердосплавный резец) — қатты қорытпамен жабдықталған кескіш. Қиғыш кескіш (Отрезной резец) — материал қиюға арналған кескіш. Қашаулы кескіш (Долбежный резец) — қашау білдектеріндегі жұмыстарға арналған кескіш. Металқышты кескіш (Минералокерамический резец) — металқышты тілімшемен жабдықталған кескіш. Минералқышты кескіш (Минералокерамический резец) — минералқышты тілімшемен жабдықталған кескіш. Қиықжиекті кескіш (Фасонный резец) — сыртқы жоне ішкі бетгердің түпбүйірінен қиықжиектер алуға арналған кескіш. Қоспаланған кескіш Легированный резец) — қоспаланған болаттан жасалған немесе қоспаланған болатты тілімшемен жабдықталған кескіш. Өтпелі кескіш (Проходной резец) — айналу денесі түріндегі тетіктердің сыртқы беттерін ендеуге арналған кескіш. Призмалы кескіш (Призматический резец) — ұшында кесу бөлігі бар призма түріндегі кескіш. Пісірілген кескіш (Сварной резец) — бастиегі өзекке пісірумен бекітілген кескіш. Радиалды кескіш (Радиальный резец) — осі тетіктің айналу осіне перпендикуляр орналасқан кескіш(мысалы, сұлбалы кескіш). Радиусты кескіш (Радиусный резец) — радиусты сыртқы немесе ішкі беттерді өндеуге арналған кескіш. Сұлбалы кескіш (Фасонный резец) — кесу бөлігі тетіктің қажет сұлбалы бетінің дәлмедәл кескіні болып табылатын кескіш. Сүргелей кескіш (Строгальный резец) — сүргілеу білдектеріндегі жұмыстарға арналған кескіш. Тазалай кескіш (Чистовой резец) — тазалай өндеуге арналған кескіш. Тангенциалды кескіш (Тангенциальный резец) — өнделетін бетке осі жанама орналасқан кескіш. Тарақты бұрандакескіштік кескіш (Гребенчатый резьбовой резец) — білдек ұстағышьшда бекітілген тарақ түріндегі кесу бөлігі бар кескіш. Тезкесуші кескіш (Быстрорежущий резец) — тезкескіш болаттан жасалған немесе тезкескіш болатты тілімшелермен жабдықталған кескіш. Терең тесіктерге арналған кенейжоғы кескіш (Расточный резец для глубоких отверстий) — ұзындығы диаметрлердің 10 шамасынан артық тесіктерді өндеуге арналған кескіш. Тостағанды кескіш (Чашечный резец) — өсі жонылатын дайындаманың осіне перпендикулярлы жазықтықта орналасқан дөңгелек тостаған түріндегі кескіш. Тұтас кескіш (Цельный резец) — өзегі кесу бөлігімен бірге жасалған кескіш. Тілімдейтін кескіш (Подрезной резец) — түпбүйір беттерді өндеуге арналған кескіш.

Кескіш тұтқасы Кескіш тұтқасы –– станок супортының бекітіп орнатуға арналған бөлігі.

Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау Санат:Механика