Халел Сұлтангелдиев (1932, Астрахан облысы Қамызек ауданы Затон ауылы – 1984) – журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі, түбектің мерзімді баспасөзін қалыптастырушылардың бірі. ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1968). 1953 – 54 жылы Маңғыстау ауданы «Сталин жолы» газетінің жауапты хатшысы, 1954 – 55 жылы ауданы комсомол комитетінің хатшысы, 1956 – 61 жылы ауданы дене тәрбиесі және спорт комитетінің төрағасы, 1961 – 69 жылы ауданы газеттің редакторы, саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, 1969 – 73 жылы Жаңаөзен ауданы «Жаңарған Маңғыстау» газетінің жауапты хатшысы, 1973 – 84 жылы Жаңаөзен ауданы партия комитеті меңгерушісі қызметтерін атқарған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1932 жылы туғандар