Аманқос Ашықұлы Сүйеров(1942 жылы туған, Атырау облысы Балықшы ауданы) – журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Жоғарғыары партия мектебін бітірген (1974). 1966 – 74 жылы Балықшы ауданы «Каспий таңы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы. 1977 – 86 жылы Маңғыстау облысы «Коммунистік жол» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1986 – 89 жылы облысы партия комитетінің нұсқаушысы, Шевченко телестудиясы қоғамдық-саяси хабарлар тарату редакциясының бас редакторы болды. 1989 жылдан облысы «Маңғыстау» газетінің жауапты хатшысы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:1942 жылы туғандар