Авиациялық ұрыс қимылдарының тәсілдері — авиациялық бөлімшелер (бөлімдер) мен жеке ұшақтардың ұрыс міндеттерін орындаудағы тактикалық әдістері. Авиация жер үсті және теңіз объектілеріне қарсы бір мезгілдегі соққы, кезек соққы, жеке соққы қолданады, нысананы өз бетімен іздеп, жояды; әуе нысаналарына қарсы тұрғанда, әскерлер мен тыл объектілерін жойғыштардан тасалағанда аэродромда кезекші ретінде тосып алады, әуеде тосып алады, нысананы өз бетімен іздеп тауып, жояды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс