Ауру туғызатын риккетсиялар (Болезнетворные риккетсии) — қасиеттері жағынан бактериялар мен вирустарға ұқсас микроорганизмдердің ерекше тобы.Ауру туғызатын риккетсиялардың сыртқы түрі, көлемі жағынан бактерияларға шамалас, бірақ клетка ішінде тіршілік ететін паразиттер болғандықтан, вирустар сияқты тірі клеткаларда ғана көбейіп, тіршілік етеді. Ауру туғызатын риккетсиялар туғызатын аурулар: КУ безгегі, эпидемиялық бөртпе сүзегі, шың безгегі және т.б.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс