Қайролла Жеткізгенұлы Ережепов (1947 жылы 25 қарашада Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылында туған) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері. Маңғыстау облысының құрметті азаматы.
Толығырақ Қайролла Жеткізгенұлы Ережепов 1947 жылы 25 қарашада Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылында дүниеге келген. 1966 - 1970 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұрынғы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты) бітірген. 1984 жылы КОКП ОК-нің Қоғамдық Ғылым академиясын бітірген. 1998 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. мамандығы заңгер.
Еңбек жолы 1970 – 73 жылы «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінде бұрғылау шебері 1973 – 82 жылы комсомол қызметкері, Шевченко қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі 1984 – 90 жылы Мұнайлы ауданы аткомының төрағасы, ауданы парткомының 1-хатшысы, «Комсомолнефть» мұнай өндіру басқармасының партком хатшысы, Қарақия ауданы парткомының 1-хатшысы, 1990 – 91 жылы Маңғыстау облысы атқару комитеті төрағасының 1-орынбасары 1991 – 93 жылы ҚР Жоғары Кеңесі төрағасының орынбасары 1994 – 95 жылы «Каскор» АҚ президенті 1995 – 97 жылы ҚР атом энергетикасы Ұлттық АҚ-ның вице-президенті 1997 – 2004 жылы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты болды«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; 2004 жылдан «Қазмұнайгаз» АҚ меңгерушісі, директор, аппарат жетекшісі.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
Марапаттары ҚР Президентінің жарлығымен еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты Парасат орденімен марапатталған. 1998 - Астана медалі 2001 - "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі 2004 - Тыңға 50 жыл медалі 2004 - Қазақстан теміржолына 100 жыл медалі 2005 - Қазақстан конститутциясына 10 жыл медалі 2006 - Қазақстан парламентіне 10 жыл медалі 2008 - Астанаға 10 жыл медалі ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған. Маңғыстау облысының және бірнеше ауыл, аудандардың құрметті азаматы.
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау облысының құрметті азаматтары Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері