Ерғали Төлесінов (1916, Адай уезі (қазіргі Маңғыстау ауданы) Жыңғылды ауылы – 2006) — мемлекеттік қайраткер.
Өмірбаяны Алматы және Гурьевтегі (қазіргі Атырау) оқытушылар даярлайтын қысқа мерзімді курстарда оқыған. Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын (қазіргі Атырау аграрлы-техникалық колледжі) бітірген (1963). 1930–1940 жылдары мектепте мұғалім, ұжымшарда қоймашы, есепші 1940–1942 жылдары әскер қатарында болған. 1942–1950 жылдары Маңғыстау ауданы жинақ банкінің меңгерушісі, әскери-соғыс бөлімінің бастығы, жер бөлімінде меңгеруші 1954 жылдан Ленин ұжымшарының төрағасы, кеңшар директорының орынбасары болған.
Марапаттары 3-дәрежелі Даңқ ордені «Құрмет белгісі» ордені Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қоғамдық қызметі 1967 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған.«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000
Шежіре Адай Батыр – Келімберді – Тобыш – Ораз – Жайық – Әлмәмбет – Шоңай – Тоқсанбай – Монша – Аралбай – Тұрымбет – Мақан – Төлесін – Ерғали
Дереккөздер
Санат:1916 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:2006 жылы қайтыс болғандар Санат:Атырау аграрлы-техникалық колледжі түлектері Санат:3-дәрежелі Даңқ орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасының иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Колхоздар төрағалары