Кофи Атта Аннан (; 8 сәуір 1938 жыл, Кумаси, Гана – 18 тамыз 2018 жыл, Берн, Швейцария) — ганалық дипломат және саясаткер, Біріккен Ұлттар Ұйымының 7-Бас хатшысы (1997–2006).

Өмірбаяны 1938 жылғы 8 сәуірде Алтын жағалау атты Британ отарында (қазіргі Гана) дүниеге келді. «Кофи» деген сөз ана тілінде «жұма қүні туған» деген мағынаны білдіреді. Туған Кумаси қаласындағы технологиялық университетте оқып, білім алуын Америка Құрама Штаттарының Миннесота қаласындағы Макалистер колледжінде тамамдаған. Женевада аспирантура бітіріп, Массачусетс технологиялық институтында менеджмент бойынша магистр дәрежесін алған (1972). 30 жылдан аса БҰҰ аппаратында қызмет істеп, ұйымдастыру-қаржы, босқындар және бейбіт келіссөздер мәселелерімен айналысты.

БҰҰ бас хатшысы ретінде жұмысы нобай|солға|2009 жылғы Бүкіләлемдік экономикалық форумдағы Кофи Аннан нобай|солға|БҰҰ Штаб-пәтеріндегі Аннан мен Ресей президенті Владимир Путин, Нью-Йорк, 2001 жыл 1997 жылғы 1 қаңтарда сайланған, 2001 жылғы 29 маусымда қайта сайланған, 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін қызмет атқарды.

2001 жылғы Нобель сыйлығының иегері. 1990–1992 жылдары БҰҰ Бас хатшысының жоспарлау, бюджет, қаржы бағдарламалары жөніндегі көмекшісі және БҰҰ инспекторы қызметтерін атқарды. 1990 жылы Ирак Кувейтті басып алғаннан кейін халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің әкетілуін ұйымдастыру үшін Иракқа жіберілді. Тұтқындарды босату жөніндегі келіссөздерге қатынасып, мұнайға азық-түлік айырбастау жөнінде Иракпен келіссөз жүргізген. 1993–1996 жылдары Бас хатшының бейбітшілік сақтау операциялары жөніндегі орынбасары, 1995–1996 жылдары Бас хатшының бұрынғы Югославиядағы арнайы өкілі және НАТО-дағы арнайы эмиссары қызметтерінде болып, БҰҰ-ның Босния және Герцеговинадағы көпұлтты күштерінің 1995 жылғы Дейтон келісімін орындау операцияларына бақылау жасады.

1997 жылы БҰҰ Бас хатшысы болып сайланды. Ол жаңа қызметінде жүріп, ұйымның әкімшілік шығындарын азайтуға күш салды. 1998 жылғы ақпанда Ирак президенті Саддам Хусейнмен келіссөз жүргізіп, Иракқа БҰҰ инспекторларын кіргізу, оның орнына АҚШ авиациясының шабуылын тоқтату жөніндегі келісімге қол жеткізді. Бірақ сол жылы желтоқсанда АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері, келісім бұзылды деген желеумен Иракты бомбалады. Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықты орнықтыру мақсатында ол 2002 жылғы қазан айында көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда болып қайтты.

Аннан кедейлерге дәрі-дәрмек тарату арқылы Африкадағы АИВ-ның таралуына қарсы белсенді және табысты әрекет жасады. 2001 жылы ол АИВ/ЖИТС індетімен күресу жоспарын белгілеген «Әрекетке шақыруын» жариялады. 2000 жылғы 26 ​​шілдеде Кофи Аннан «БҰҰ Жаһандық шарты» негізін қалады.

Дереккөздер

Санат:Гана дипломаттары Санат:Гана саясаткерлері Санат:Гана экономистері Санат:Макалестер колледжінің түлектері Санат:Массачусеттс Технология Институтының түлектері Санат:Бейбітшіліктен Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшылары