Трофимов Илья Иванович (1928 жылы туған, Ресей, Жаңасібір қаласы) – кәсіподақ қызметкері. 1949 – 1980 жылдары орта машина жасау министрлігінің жүйесінде қызмет еткен. Каспий аймақтық кен-металлургия комбинатына қарасты химия-металлургия зауытының кәсіподақ комитетін басқарған (1964). Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар