Бейбарыс - Атырау қаласының хоккей клубы, 2010 жылғы Қазақстан ашық біріншілігінің вице-чемпионы, 2011 және 2012 жылдардағы Қазақстан чемпионы. 2009 жылы Ресейдің Серов қаласының хоккей клубы негізінен бастау алып құрылған команда. Аренасы - Атырау мұз айдыны.

2010 жыл маусымы Бас жүлде үшін қарағандылықтар мен Атыраудың «Бейбарыс» командасы арасында текетірес ұзаққа созылды. Финалдық бәсекеде төрт кездесудің нәтижесінде тең түсіп, жеңімпазды анықтай алмаған хоккейшілер, шешуші 5-матчты өткізулеріне тура келді. Аталмыш кездесу Қарағанды қаласының «Ақжолтай» мұз айдынында орын алды. Трибуналарға лық толған халық тартысты матчты орындарына отырмастан тамашалады. Осынау қолдаудың әсерімен болар қарағандылықтар маңызды сәтте шешуші голды соға білді. Ақтық мәренің ойыны ойыншылар арасындағы келіспеушіліктерге және екі жақтан да хоккейшілерді ойыннан шығарумен есте қалды. Сонымен, шешуші матчта қанжығасын майлағандар: "Сарыарқа" сапынан Никита Смирнов 14-минутта, Рамиль Сайфуллин 23-минутта, Олег Еремеев (47-минутта; "Бейбарыс" командасынан Артем Носов 26-минутта, Максим Шарифьянов 57-минутта. Қорытынды есеп 3:2, «Сарыарқаның» мерейі үстем. Бар болғаны 2006 жылы құрылған «кеншілер қаласының» командасы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан Чемпионы атанды!

2011-2012 Бұл маусымда да Бейбарыс клубы өзінің теңдессіз мықты екендігін дәлелдеп Қазақстан чемпионатында серияны 4-2 есебімен павлодарлық Ертіс клубын тізе бүктіріп чемпион атанды. Жетістіктері Қазақстан чемпионатыҚРАЧ чемпионы (4): 2010/2011, 2011/2012, 2015/2016, 2018/2019ҚРАЧ финалисті (2): 2009/2010, 2012/2013 ҚРАЧ қола (1): 2017/2018Қазақстан кубогыСурет:Cup Finalist.pngфиналисті (2): 2012, 2017Қола (1): 2019Құрлық кубогыСурет:Cup Finalist.pngфиналисті''' Құрлық кубогы (1): 2016/2017

Сыртқы сілтемелер Бас торабы

Санат:Қазақстан шайбалы хоккей клубтары Санат:Атырау облысы спорты