Гидрографикалық барлау — теңіз (мұхит) әскери қимылдар театрының белгілі бір аудандарының навигациялық гидрографикалық және гидрологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтер табу.
Оны гидрографикалық қызметтер жоспарлап орындайды. Гидрографикалық барлауға су үсті кемелері, сүңгуір қайықтар, ұшу аппараттары және басқа құралдар катысуы мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Гидрография Санат:Гидрология