Айтбай Қонысбайұлы ҚұлбайМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;(1958 жылы туған, Түрікменстан, Ташховуз облысы ) – суретші, ҚР Көркемсурет академиясының академигі (2006).

Өмірбаяны Ашғабад қаласындағы көркемсурет училищесін (1981) және ҚазҰПУ-ды (1990) бітірген. Түрікменстанда сурет пен сызу пәнінің мұғалімі (1981 – 1986) Жаңаөзен қаласының бас архитекторы (1986 – 1992) Маңғыстау колледжіндегі бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі (1992) болып жұмыс істеген. 2003 жылы Ақтау қаласында «Әлем Арт» галереясын ашты.

Атақтары мен марапаттары Еңбектері ҚР Мәдениет министрлігінде, КСРО Суретшілер одағында, Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану мұражайында, сондай-ақ Дания, Франция, Бельгия, Германия, Португалия, Канада, Италия мен АҚШ-тың жекеменшік қорларында сақтаулы. Oблыстық, республикалық және дүниежүзілік дәрежедегі байқаулардың жеңімпазы. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001) және Құрмет грамотасымен (2004) марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан суретшілері