Өзен аралы — өзен арнасында тасындылардан пайда болған, өзен ағысының бойымен созылған арал. Өзен аралы ағыстың бағытымен еңіске қарай орын ауыстыруы мүмкін. Мұндай жағдайда төменгі шеті өсіп, жоғары шеті жуылып-шайылып кеми береді. Жазықта өзен аралы құмнан және тұнбалы шөгінділерден, ал тау және тауалды өзендерінде малта тастардан тұрады. Өсімдіктер өскен өзен аралы едәуір тұрақты бітімімен ерекшеленеді.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:Өзен Санат:Аралдар