Гидрореактивті қозғалтқыш — кеме корпусының ішінде орналастырылған арнайы сорғылар арқылы суды ығыстырып шығару негізінде жұмыс істейтін реактивті қозғалтқыш. Судың ағысы реактивтік тарту күшін туғызып, кемені қозғалыска келтіреді. Сондықтан гидрорекативті қозғалткышы бар кемелер су шашқыш деп те аталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Қозғалтқыштар