Госпиталь () — әскери қызметшілер емделетін арнайы емхана. Кейбір елдерде жай азаматтарды да, әскери қызметшілерді де емдейтін мекеме.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл

Госпиталь - 1988 ж. ашылған емдеу мекемесі. Орал облысы ішкі істер басқармасына қарайды. Онда терапевтік және неврология сырқаттары бар 60 адам бір мезгілде емделе алады. Науқастардың сырқатын анықтауға және емдеуге арналған клиникалық-биохимиялық лаборатория, рентген, физиотерапиялық, лазерлік терапия, компьютерлік диагностика және массаж кабинеттері жұмыс істейді.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8 Дереккөздер

Санат:Әскери іс