Әскери қатынас (Военное сообщение) — # әскерді, ұрыс техникасын және басқа да әскери жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын күрлықтық, су және әуе қатынас жолдары. Әскери тасымалды (жеке құрам, ұрыс техникасы және әр түрлі жүктер) жоспарлайтын және ұйымдастыратын, сондай-ақ көлік пен қатынас жолдарының барлық түрлерін пайдалануды басқаратын әскери органдар. Әскери қатынастар қызметі Әскери қатынастар қызметі (Служба военных сообщений) — еліміздің темір жол, теңіз, өзен және әуе көліктерін әскери тасымал үшін даярлау мен пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің мүдделерін корғайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы оперативтік-тылдық қызметі. Осы аталған көлік түрлеріндегі әскери қатынастар қызметтік әскери тасымалдауды жоспарлауға және оларды басқаруға қатысушы әскери қатынастар органдарымен, сондай-ақ жоғарыда аталған көлік түрлерінің ерекше жағдайларда жұмыс істеуін дайындауда ұсынынады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс