Ату нақтылығы (Действительность стрельбы) — белгіленген мерзімде көзделген нысананы оқ-дәріні аз жұмсай отырып жою нәтижесі. Ату нақтылығы (нәтижелілігі) әскери тапсырманы орындау және ату нәтижелері бойынша (атылған оқ берілген тапсырманы қаншалықты орындады, жаралылардың, қаза тапқандардың пайызы, оқтың (снарядтың және т.б.) қирату күшінің әсері) анықталады. Ату нақтылығы қарудың түріне байланысты нысанаға тию мүмкіндігі мен оқ-дәрі көлемінің өсуіне байланысты кемелденіп отырады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс