Адъютант (— көмектесуші)

1. Әскери бастықтардың, қолбасшылардың түрлі тапсырмаларын орындайтын немесе штаб қызметін атқаратын офицер.

2. Жеке әскери бөлімдердің жасақтау жағын басқаратын офицер.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ, 2001 жыл

3. Генерал-Адъютант (флигел-Адъютант) - 17-18 ғасырлардағы орыс императорының төңірегіндегі сарайлық әскери шен;

4. 19 ғасырдағы Францияда полктағы унтер-офицерлер мен капралдардың оқуына жауап беретін офицер. Қазақстанда бұл шенге алғаш Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов ие болған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Әскери іс