Геодезиялық пункттер координаталарының каталогі - 1:200 ООО масштабтағы карта парағында немесе жұмыс жүргізілетін телім ауданында орналасқан пункттердің жүйелі тізімі. Онда пункттердің аты және кластары, тік бұрышты координаталары, центрлердің абсолют биіктіктері, көршілес пункттерге не арнаулы бағдарлық пункттерге қарайғы бағыттардың дирекциондық бұрыштары көрсетіледі. Геодезиялық пункттер координаталарының каталогінде пункттер абсциссаларының кішіреюіне карай жазылады және каталогке геодезиялық тораптың сұлбасы беріледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер
Санат:География және геодезия