Атыс взводы (Огневой взвод) - артиллериялық, минаатарлық батареялардың құрамына кіретін атыс және тактикалық бөлімшелер. Атыс взводының зеңбіректі, минаатарлы, танкіге қарсы жойғышты, өздігінен жүретін түрлері бар. Сондай-ақ, реактивті артиллерияның ұрыс машиналарының да атыс взводы болады. Құрамында 1-3 зеңбірек (минаатар, реактивтік артиллерияның ұрыс машинасы) бар. Ұрыста, әдетте, батарея құрамында немесе мотоатқыштар (жаяу әскер) бөлімшелеріне қосылып, солармен бірге әрекет етеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс