Геострофиктік жел - үйкеліс күші жоқ кезде, горизонталь бар градиенті күшінің Жер айналуының ауытқыту күшімен бірдей болуы жағдайында ауаның тура горизонталь бағытта қозғалуы. Геострофиктік жел бар градиентінен тік бұрышқа: Солтүстік жарты шарда — оңға, Оңтүстік жарты шарда — солға қарай ауытқып, параллель тура сызықты изобара бойынша бағытталған.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия