Геофлексура - флексураның типі; бедерде ұзына бойы созылып жатқан үлкен кертпеш тәрізді құрылым (мысалы, Енисей өзенінің аңғарымен шектелген Батыс Сібір жазығы мен Орта Сібір жайпақ тауының арасындағы кертпеш). Терминді орыс геоморфологі Ю.А. Мещеряков ұсынды (1960 ж.).Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер
Санат:География және геодезия