Барахат Тоғжанұлы Абаев (1942 жылы туған, Түпқараған ауданы, Таушық ауылы) – дәрігер, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (1971).

Өмірбаяны Ақтөбе медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген (1965). 1965–1984 жылдары Маңғыстау аудандық ауруханасында хирург-дәрігер, бас дәрігер, бөлім меңгерушісі, 1985–1999 жылдары Бейнеу аудандық ауруханасының бас дәрігері. 1999–2006 жылдары Бейнеу аудандық ауруханасы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері, аудандық Денсаулық сақтау саласының үйлестірушісі болды. 2006—2009 жылдары Бейнеу аудандық емханасы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері. 2007—2017 жылдары емхананың бөлім меңгерушісі. 2017 жылы «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Әр жылдары Бейнеу аудандық және Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты ретінде қоғамдық жұмыс атқарды.

Марапаттары «Астана» медалі(1998) ҚР-ның «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі (2000) «Шапағат» медалімен (2001) марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. «Құрмет» ордені (2009)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Батыс Қазақстан медицина академиясы түлектері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Шапағат медалінің иегерлері