Қазақстанның негізгі қауіпқатерлері--- Орта мерзімді кезеңдегі негізгі сырткы қауіп-катерлер ретінде мыналар қарастырылады: республика шеқарасына тікелей таяу жерде болып жатқан және ықтимал әскери қақтығыс ошақтары; республика аумағына бандалық құрамалардың, экстремистердің, халықаралық терроршылардың ену мүмкіндігі; жекелеген елдердің әскери қуатын сандық та сапалық жағынан шектен тыс арттыруы салдарынан аймақтық тұрақтылықтың әлсіреу мүмкіндігі; жаппай кырып-жоятын қарудың, оны жеткізу құралдарының және қазіргі заманғы әскери технологиялардың Азия аймағында таралу қаупі және олардың терроршыл топтардың қолына түсу мүмкіндігі.
Әскери қауіпсіздіктің ішкі қауіпқатерлері мыналар болып табьшады: елдің әскери-өндірістік әлеуетінің жеткілікті дамымауы, Қарулы Күштерді техникалық жарақтандыру, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді ұйымдастыру мәселелерінде басқа мемлекеттерге тәуелділік; заңсыз қарулы құрылымдардың, терроршыл топтар мен бандалық құрамалардың мемлекеттік немесе әскери объектілерге шабуылдауы; карудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың және басқа да құралдардың заңсыз таралуы; Қазақстан Республикасының аумағында террорлық актілер мен диверсияларды жүзеге асыру үшін карулы күрылымдар құру; мемлекет ішінде экстреыизм мен сепаратизмнің таралуы. ДереккөздерҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Санат:Әскери іс Санат:Қазақ ұлттық энциклопедиясы