Жабағы Құрмашев (1934 жылы туған, Қараманды жері) – заңгер.
Өмірбаяны ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1958). 1958 – 62 жылдары Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Шевченко ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы 1962 – 63 жылдары Батыс Қазақстан өлкесінің Шевченко қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі 1963 – 76 жылдары Ақтау қалалық партия комитетінде нұсқаушы, қалалық атқару комитетінің хатшысы, төрағаның 1-орынбасары 1976 – 79 жылдары облыстық кинофикация басқармасының бастығы 1979 – 80 жылдары Түпқараған ауданы атқару комитетінің басшысы 1980 – 86 жылдары Бүкілодақтық «Білім» қоғамының облыстық басқармасы төрағасының 1-орынбасары болды. 1986 – 91 жылдары КСРО Министрлігі Кеңесі жанындағы Дін істері жөніндегі кеңестің облыс бойынша өкілі 1991 – 95 жылдары облыстық Дін істері жөніндегі бөлімді басқарды. Марапаттары «Ерен еңбегі үшін» медалі «Қазақ КСР-інің 50 жылдығы» белгісі БЛКЖО орталық комитетінің Құрмет грамотасы Бүкілодақтық «Білім» қоғамының «Құрмет белгісімен» марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:1934 жылы туғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Түпқараған аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері