Гүлнар Абдуллақызы Досматова - (5.11.1964 жыл, Алматы) - киноактриса, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011).

Өмірбаяны ҚазҰУ-ды бітірген (1989). Кинодағы алғашқы елеулі рөлі "Даладағы қуғын" (Бандыны қуған Хамит) фильміндегі - Әйгерім (1979). Сол фильмнен Гүлнар кішкентай болғанымен де бірден атақты бола шықты.

1985 жылдан "Қазақфильм" киностудиясының актрисасы. Досматова 20-дан астам фильмге түскен. Мысалы, "Жеңімпаз" (1982), "Үш күн мереке" (1981), "Кардиограмма" (1995), т.б. Отандық "Тоғысқан тағдырлар" телесериялында ойнады.

1985 ж. Минскіде өткен Бүкілодақтық кинофестивальда "Адамдық болмыс" фильміндегі ролімен "Ең үздік әйел бейнесі" үшін жүлдесін жеңіп алды.

2000 ж. "Жыл таңдауы" байқауында "Жылдың үздік актрисасы" атанды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Ал 1982 жылы оны диктор болуға телевизияға шақырылды.

Оны атақты қылған фильмдер: «Қызғыш құс», «Сон во сне», «Кардиограмма» және де Хуат Ахметовтің режиссерлігімен түсірілген "Человек ветер" фильмі. 2000 жылы үздік актриса деген номинацияға ие болды. Фильмдері 1979 - Бандыны қуған хамит 1981 - Провинциальный роман 1983 - Өтелмеген парыз 1983 - Непобедимый 1984 - Адамдық болмыс 1991 - Қызғыш құс 1992 - Сон во сне 1994 - Кодекс молчание 1995 - Кардиограмма 1996 - 2000 - Тоғысқан тағдырлар 2001 - 2003 - Саранша 2006 - Человек ветер 2007 - Застава 2009 - Есікті аш мен бақытпын 2010 - Астана махаббатым менің 2010 - Нағыз полковник 2010 - Рывок 2011 - Невероятные приключения Бахи и Тахи 2011 - Бақытын іздеген жан 2011 - Братья

Дереккөздер

Санат:5 қарашада туғандар Санат:1964 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан актрисалары Санат:КСРО актрисалары Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:XX ғасыр актрисалары Санат:XXI ғасыр актрисалары Санат:Қазақстан тележүргізушілері Санат:XXI ғасыр тележүргізушілері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақфильм актрисалары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Қазақстан киноактрисалары