Десант түсіру ауданы — 1) Қарсылас тылындағы әуе десантын түсіруге және парашютистер түсіруге арналған алаңдар, ұшақтар, тікұшақтардын қону аландары жеткілікті болатын жергілікті жер телімі. Десант түсіру ауданының көлемі, сондай-ақ түсу, қону аландарының саны десанттар құрамына, жергілікті жер жағдайына, десант түсіру тәсіліне байланысты болады. 2) Қарсылас орналасқан теңіз, өзен не көл жағасының бір бөлігі. Ол теңіз десантын түсіруге арналады және әскер мен ұрыс техникасыл түсіруге колайлы орын болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс