Реплика (лат.replico-аудармасында қарсымын) — диалог (к.) үстінде қарсылық білдіру мәнінде айтылатын қысқаша жауап; жиналыстарда, жиындарда отырғандардың қағытпа-ескертпелері; спектакльдерде бір кейіпкер айтатын соңғы сөз, фраза, одан кейін баска көрініс басталады. Сөйлеу тәжірибесінде Репликаға балама ретінде қақпай сөз, қағытпа сөз, түртпе сөз т.б. атаулар қолданылып жүр.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.

«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Дереккөздер

Санат:Лингвистика