Ерқас Қырымқұлов (1900, Маңғыстау ауданы, Сығынды ауылы– 1957) – атақты атбегі, жүйрік тазы, қыран құс баптаған саяткер. Ұлы Отан соғысының ардагері.

«Ерқаскөк» атты сәйгүлігі бәйгенің алдын бермей, талай республикалық жарыстарда Маңғыстаудың атын шығарған. «Ерқаскөк», «Таңсықсұр», «Жаңбырбайқұла», «Қибасторы», тағы басқа жүйрік сәйгүліктерді баптаған. Қырымқұлов және оның замандастары матай Бек пен Сейілхан, шомақ Бекбосын, жаңай Иса, жеменей Тұржан, тағы басқа сейістер Маңғыстаудың атбегілік өнерін дамытуға үлкен үлес қосса, олардың өнегесін ізбасарлары Ш.Жүсіпов, М.Сүйіндіков, С.Оразбаев, тағы басқалар жалғастырды.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997

Дереккөздер

Санат:1900 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:Атбегілер Санат:Саяткерлер Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары