Картаны қайта өңдеу (Подъем карты) — картадағы жергілікті жер элементтерінің көрнекілігі мен жақсы оқылуына қол жеткізу мақсатында олардың түсін немесе шартгы белгілерін ұлғайту немесе атап көрсету арқылы кайта өңдеу. Берілген ауданның жергілікті бедерін анықтайтын жергілікті жер элементтері, сонымен қатар жергілікті жер заттары және салыстырмалы түрде үлкен емес, бірақ орындалатын міндет үшін маңызды рөл атқаратын бедер пішіндері кайта өңделеді. Бір түсті карталар (уакытша басылымдағы, бланкалар) жиі өнделеді. Көп түсті картадағы жергілікті жер элементтерінің (су, тас жолдар, ормандар және т.б.) ашық түспен бейнеленуі әдетте, қайта өндеуді қажет етпейді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс