right|200px Саптық машиналар — құрамына автомобильдер, шынжыр табанды және дөңгелекті тартқыштар, транспортерлер мен тракторлар, әскерлік автотрактор кіретін техникалық машиналарының бір тобы.right|200px Оған жеке құрамды, әр түрлі қару-жарактарды есептобымен бірге, сондай-ақ, оқ-дәрі, әскери-техникалық және басқа табельдік заттарды тасымалдауға арналған машиналар, басқаруды қамтамасыз ететін, әскерді ұрыстық және техникалық жағынан қамтамасыз ететін арнайы машиналар; саптық бөлімшелердің жеңіл автомобильдері; ұшақтарды аэродромдардан тіркеуге алатын тартқыштар, зақымданған танкілерді, тартқыштар мен автомобильдерді эвакуациялайтын шынжыр табанды тарткыштар мен тракторлар, арнайы жабдықтар мен тракторлар кіреді.
Саптық машиналар тобына жақсы, техникалық ақауы жоқ машиналар бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс