Жарқылдың сәуле шығаруы — ядролык жарылыстың зақымдаушы факторы. Ол инфракүлгін, инфракызыл және көрінетін сәулелерден тұрады. Сәуле жарғышы пайда болғаннан кейінгі секундтың алғашқы үлесінде температура миллиондаған градуска жетеді және ультракүлгін сәулелер басым болады, ал отты шардың суыну дәрежесіне карай көрінетін және инфракызыл сәулелер басым болады. Жарқылдың сәуле шығаруы — жарылыстың жарык шығарушы бөлігі. Бүл бөлік жарылыстың 8000 - 10000° С температураға дейін қызып, балқыған газ түріндегі өнімдерінен тұрады. Жарқылдың сәуле шығаруы үлесіне жарылыс энергиясының 35 пайызына дейін келеді. Жарқылдың сәуле шығаруы уақыты жарылыс қуатына байланысты. Ол адамдар мен жануарлар терісінің ашык беліктерін күйдіріп, көзді зақымдайды, өнеркәсіп объектілерінде, елді мекендерде және ормандарда өрттер шығарып, түрлі материалдарды түтандырады. Түрлі заттардың көлеңкелері, сондай-ақ паналау ғимараттары мен паналау орындары қорғаныш бола алады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс