Ақой (2004 жылға дейін — Просторное)Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының тарихы бойынша анықтама (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2006 ж.) — Қарағанды: Қарағанды облысының архивтер және құжаттама бөлімі, 2006. — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Ақой ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 85 км-дей жерде.
Тарихы Іргесі «Қарлагтың» қосалқы шаруашылығы ретінде өткен ғасырдың 40-жылдары қаланған. 1958 жылы «Просторненский» кеңшары құрылған. Бұрынғы атауы Просторное 2001 жылы Ақой болып өзгертілді. 1960-1990 жылдары «Просторное» асыл тұқымды мал зауыты және ауылдық кеңестің орталығы болды. Жерінің жалпы ауданы - 98,0 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — қазақтың асыл тұқымды ақбас сиыр тұқымын өсіру, қосымша саласы көкөніс, картоп өсіру болды. Кеңшар негізінде 38 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен972715 539 75,4 370 279 75,4 345 260 75,4
Инфрақұрылымы Округ елді мекенінде (Ақой ауылы) мәдениет үйі, кітапхана, орта мектеп, пошта, байланыс бөлімшелері бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Қарағанды—Жезқазған автожолдары округ орталығы арқылы өтеді. Ең жақын Сәкен Сейфуллин (Жарық) темір жол стансасы 30 км жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы елді мекендері