Жартылай бәсеңсіту қабаты — радиоактивтік сәуле (гамма сәулесі) ағыны өткенде, оны екі есе кемітетін зат (қабат) қалындығы. Белгілі бір материалдың өткір радиацияны бәсендету кабілеті жартылай бәсеңсіту қабатымен сипатталады. Мәселен, қалындығы 2,8 см сауыт, 10 см бетон, 14 см топырақ, 25 см ағаш, 50 см қалыңдықтағы қар еткір радиация ағынын 2 есе кемітеді. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс