Жарық импульсі — ядролық жарылыстан 1см2 жарықтандырылған бетке түсетін зиянды сәулелі энергия мөлшері. Жарық импульсі залалдаушы әсерді көрсететін сәулеге шалдығудың негізгі көрсеткіші. Ол кал/см2 аркылы олшенеді. Жарық импульсінің шамасы ядролык жарылыстың куаты мен түріне, жарылыс орталығынан қашықтыққа және метеорологиялық жағдайларға (ауа қабатының түныктығына) байланысты. Жер үсті жарылыстарында жарылыс орталығынан белгілі бір қашықтыктағы жарық импульсі әуе жарылысына қарағанда 1,5-2 есе аз. Жарық импульсі шамасына бүлттан, жер бетінен, әр түрлі заттардан түсетін көлеңке әсер етуі мүмкін. Соның әсерінен жарық импульсі шамасы тікелей шалдығуға қарағанда 2 есеге дейін азаяды. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс