Термиттік қоспа ( қызу, жылу) — алюминийдің кейбір металлдардың (көбіне темірдің) тотықтарымен қосылған ұнтақ қоспасы. Термиттік қоспа жанғанда 3000° С-дан аса температура пайда болады. Термиттік қоспа әскери істе артиллериялық өртегіш снарядтар мен өртегіш авиациялық бомбалардың тұтандырғышы ретінде қолданылады. Олар орманда, елді мекендерде, кемелерде және басқа объектілерде өрт шығарады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс