Қоршауға алу (Блокирование) тактикалық ауқымда (мысалы , тірек пунктін оқшаулау) ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде кейіннен жою немесе басып алу мақсатында кейбір объектілерді оқшаулау. Әдетте, ол 1-ші эшелон күшінің белігімен, әуе десантымен жүзеге асырылады; аэродромды қоршауға алу өз әскерлеріне (күштеріне) қолайлы жағдай жасау мақсатында қарсыластың аэродромына белгілі бір уақытқа ұшақтардың ұшып кәнуына бөгет жасау. Ол қарсылас аэродромының үстінен жойғыш тобының әрекет жасауымен, сондай-ақ бомбалаушылар және бомбалаушы-жойғыш ұшақтардың ұшақтар түрағына және ұшу-қону жолағына соққы беруімен жүзеге асырылады, сонымен қатар аэродромды миналау қолданылады; партизандар шабуылдайтын объектіге жақын орналасқан қарсылас гарнизондарын оқшаулау.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс