Қаржаубай Сартқожаұлы (1947 жылы 21 наурыз Моңғолияның Баян-Өлке аймағы - 27 шілде 2024 жыл) — түрколог, ғалым, филолог. Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры.
Өмірбаяны 1947 жылы 21 наурызда Моңғолияның Баян-өлгей өлкесінде дүниеге келген. 1968-1973 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген. 1985—1988 жылдары Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыған. 1973—1975 жж. Баян-өлгей аймағындағы №1 орта мектепте ұстаз болды. 1975 — 1989 жж. Моңғолия ҒА Тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі 1990 — 1993 жж. Моңғолия Республикасының Парламентінің мүшесі болып сайланды. 1993—1996 жж. Түркі-Қазақ ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, директоры 1996 — 1999 жж. Баян-өлгей аймақтық мәслихат төрағасы 1999 — 2001 жж. Моңғолия ҒА-ның Баян-Өлгей аймағындағы Түркі-Қазақ ғылыми орталығының директоры 2001 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Еуразия" гуманитарлық ғылыми-зерттеулер орталығынң Түркология зертхана меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері; 2010 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығынң директоры. Тарих ғылымының кандидаты, профессор. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 250-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. «Бір автобустағылар» (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. «Этнокультурный связь древно-тюркского-уйгурского каганата» (Алматы, 1988), «Объединенный каганат тюрков», (Астана, 2001) ғылыми кітаптары шықты. 30-ға жуық ғылыми мақалалары орыс, француз, ағылшын, моңғол, қазақ, қытай тілдерінде ғылыми басылымдарда жарияланды.
Ғылыми дәрежесі 1989 жылы Ш.Уалиханов атындағы тарих-этнология институтында тарих ғылымының кандидаты дәрежесін қорғады.
2008 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистика институтында филология ғылымдарының докторы дәрежесін қорғады.
2008 жылы Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі деген атақ берілді.
2013 жылы Ататүрік атындағы Халықаралық түркі халықтар тарихының ТИКА мүшесі болып тағайындалды.
Ғылыми қызығушылығы Шыңғысханды түркі халқынан шықты дегенді жақтаушылардың бірі. Өзінің саналы ғұмырын түркология ғылымына арнап, байырғы түрік тілі, оның мәтіндерін аударып, тілдік тарихи толық түсініктемелерін жасады.
Режиссер Әсемғазы Капанұлының "Күлтегін" фильмінің идеясының авторы.
17 монографияның, 260-тан астам ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалардың авторы.
Монографиялар: Объединенный Тюркский каганат. Астана, 2002 Орхонские памятники. 1-ая книга. Астана, 2003 Орхон ескерткіштерінің Толық Атласы. І том, 2005 Полный Атлас Орхонских памятников. І том (на русс. языке, вместе с М.Жолдасбековой), 2007 Генезис древнетюрской письменности. Астана, 2007 Генезис древнетюрской письменности. Павлодар, 2010 Литературные образцы древнетюрской письменности: Орхонские памятники. "Ел-шежіре", Алматы, 2011 Орхонские памятники. 2-ая книга. "Абзал-ай", Алматы, 2012 Генезис древнетюрского рунического письма (на русс. языке). "Абзал-ай", Алматы 2012 Подземный мовзолей Майхан-уле в период речнего средневековья. Археологический росковка и исследование (вместе с Л.Эрденболд, К.Жантегин, А.Очир на монг. языке) Улан-Батор, 2013 Үйсін хандығы. "Арна", Алматы, 2016 Древнетюркских малые надписи в Монголий. Астана. 2016 Традиция каменных письменных источников (сборник научных статей) Алматы, 2017 Тайны каменных книгах (сборник научных статей) Алматы, 2017 Орхон ескерткіштерінің Толық Атласы. І, ІІ том, Алматы, 2019 Орхон ескерткіштерінің Толық Атласы. ІІІ том. (Майда жазулар) Қ.Жантегінмен бірге. ІІІ том, Алматы, 2019 Керейлердің этникалық тарихы (ж.с.б ІІ - ж.с. ІІІ ғғ.). Ж.Ошанмен бірге. Астана, 2022
Марапаттары: - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының Құрмет грамотасымен (2001),
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5
- 2003 ж. "ҚР Ғылымын дамытуға еңбек сіңіргені үшін" белгісімен;
- 2007 ж. "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері" белгісімен
- 2007 жылы 28 желтоқсан күні ҚР-ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев қабылдауында болып, қоғамтану ғылымы бойынша «Жыл адамы» атанды.
- 2008 жылы Күлтегін атындағы сыйлық
- 2018 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Моңғолия қазақтары Санат:Қазақ ғалымдары