Шашырау — бірыңғай жағдайда бір қарудан атыс (ракета жіберу, бомба тастау) кезінде кейбір аландарда (кейбір кеңістіктерде) снарядтардың, оқтардың, гранаттар мен бомбалардың түсу нүктелерін (әуеде жарылуын) шашырату. Әдетте шашырау алаңы эллипс пішінінде жасалып, шашырау эллипсі деп аталады. Әуеде жарылудың шашырауы эллипсоидпен шектеледі. Ол сандық мәні шашырау шкаласы болып келетін шашырау заңына бағынады. Шашырау көлденең (қашықтығы және бағыты бойынша) және тік (биіктігі және бағыты бойынша) жазықтықтарда болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс